
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.
Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1178100?lang=kk

Жауап қалдыру