
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Әйел – өмірдің шуағы, қоғамның тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш жиынға ауданымыздағы түрлі мекеме-ұжымдарда абыройлы қызмет атқарып жүрген нәзік жандылар қауымы арнайы шақырылды.
Кездесу барысында аудан әкімі М.Мұхтаров әйел азаматшаларды айтулы мейрамдарымен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Аналарымыз бен аруларымыздың отбасы берекесін сақтаудағы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, Құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Мерекелік шарада аудандық мәслихат төрағасы С.Социал сөз алып, әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, Шет ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Г.Ахметова қоғамдағы әйелдердің рөлі мен маңыздылығы, отбасылық құндылықтарды дәріптеу жайлы тереңнен толғап, жылы лебізін бөлісті. Өз кезегінде әйелдер қауымы да елеп-ескеріп, құрмет көрсетіп жатқан ер азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Жиын соңы мәдениет саласы өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертіне ұласып, қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1177482?lang=kk

Жауап қалдыру