
Құрметті «KazService» мұнай сервистік компаниялар одағының мүшелері мен серіктестері!
Сіздерді Одақтың құрылғанына 15 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.
«KazService» осы жылдар ішінде кәсіби бірлестіктен саладағы негізгі сарапшылық орталықтардың біріне айналып, Энергетика министрлігі үшін сенімді серіктес танылды. Одақтың біріккен ұсыныстары мемлекеттік реттеуді дәлірек және тиімді жүргізуге айтарлықтай ықпал етеді.
Бүгінде Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі айқын көрініп отыр: қазақстандық компаниялар күрделі технологиялық салаларды сәтті меңгеріп, ірі операторлардың жобаларында ішкі құндылық үлесін арттыруда. Халықаралық стандарттарды енгізу арқылы Сіздер отандық бизнестің ел ішінде ғана емес, әлемдік нарықта да бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасап отырсыздар.
Одақ командасына және барлық мүшелеріне кәсібиліктері мен Қазақстанның энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін. «KazService»-ке өркендеу, жаңа кәсіби жетістіктер және жоспарланған барлық жобалардың табысты жүзеге асуын тілеймін.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі
Ерлан Ақкенженов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1177738?lang=kk

Жауап қалдыру