Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов өңірдің қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесуде елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мен 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум мәселелері талқыланды. Жиын барысында қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері және түрлі сала мамандары жаңа Конституцияның маңызына тоқталды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдірді.
Жауап қалдыру