Марапаттау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және мәжбүрлеп орындату жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін жеке сот орындаушысы Жансулу Хамзина «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Жеке сот орындаушысы Жансулу Хамзина Қостанай облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында жұмыс істеген уақытында өзін жауапты, мақсаткер және еңбекқор маман ретінде көрсетті. Қызмет барысында әріптестерімен корпоративтік әдеп нормаларын сақтап, жоғары қарым-қатынас мәдениетін және жұмысқа кәсіби көзқарасын танытып келеді. Лауазымдық міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, барлық тапсырмаларды адал әрі белгіленген мерзімде орындайды.

Жеке сот орындаушысы Жансулу Хамзина әлеуметтік маңызы жоғары санаттағы істер – Рудный қаласы бойынша алимент өндіру бағытында маманданған. Қазіргі уақытта оның орындауында 1490 атқарушылық іс жүргізу бар. Бұл оның жұмысының ауқымдылығы мен жоғары жүктемесін көрсетеді.

Ол рейдтік іс-шараларға белсенді қатысып, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Атап айтқанда, 2025 жылы алимент төлемеген 93 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1177439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді