ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ САРЫАРҚА АУДАНЫНДАҒЫ №2 ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Алматы» аудандық филиалының төрағасы Азамат Айтхожин, қоғам қайраткері Фарида Даримова, «Ақжол» партиясының өкілі Жанаргүл Күлмағамбетова, сондай-ақ «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының белсендісі Найля Аппасова қатысты.

Кездесу барысында ХҚКО қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері таныстырылып, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту және қоғамдық процестердің ашықтығын арттырудағы маңызы түсіндірілді.

Іс-шара барысында ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына, азаматтардың стратегиялық мәні бар мемлекеттік шешімдерді талқылауға белсенді қатысуының рөліне ерекше назар аударылды. Кездесу форматы қатысушыларға сұрақтар қойып, пікір алмасуға және конституциялық реформаның өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік ұйымдар мен еңбек ұжымдарының қатысуымен осындай диалог алаңдарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-urgsa/press/news/details/1177807?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді