Құқықтық сауаттылыққа жаңа қадам: Меркі ауданында болашақ прокурорлар клубы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы прокуратурасының үйлестіруімен 39 ЖББМГ-да «Болашақ прокурорлар» клубы құрылып, «Прокурор сыныбы» профилактикалық кабинеті ашылды.

Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын түсіндіру.

«Прокурор сыныбы» – оқушылардың құқық негіздері бойынша білімін тереңдетуге, заң үстемдігі қағидаттарын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған профилактикалық алаң.

Сынып аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары, кездесулер және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Аудан прокуратурасы алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

 

Прокуратура Жамбылской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1178009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді