Шалғай ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Мирный ауылында тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мен ТЖБ қызметкерлері бірлесіп, ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрмыста өрттің алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға пештер мен электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, ашық отты қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау, сондай-ақ өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі туралы айтып берді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1177663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді