Шүлбі кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге аудан кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынды. Атап айтқанда, тұрғындарға 4 бас ірі қара еті, 5 бас қой еті, 2 тонна шұжық өнімдері, 1 тонна балық, 2 тонна картоп, 2 тонна сәбіз, 1 тонна пияз, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна бал, 10 қорап жұмыртқа, 300 литр өсімдік майы, 300 кг қарақұмық, 500 кг қант, 50 литр сүт өнімдері, 500 кг нан өнімдері, 20 кг құрт, 40 кг сары май, 50 литр қымыз және 500 кг күріш ұсынылды.

Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдер нарық бағасынан төмен бағада сатылып, тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Шара барысында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері кеңінен насихатталып, тұрғындар сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1177569?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді