Департаментпен бекітілген 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Темірбаева Мадина Сейдуалықызы мен Сыздықов Нұрбек Әбдібекұлы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Болашақ» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-на профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Мадина Сейдуалықызы мен Нұрбек Әбдібекұлы «Болашақ» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру