2025 жылдың екінші жартыжылдығында Біржан сал ауданы әкімі, қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің халықпен кездесулер өткізуі туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың екінші жартыжылдығында

Біржан сал ауданы әкімі, қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің халықпен кездесулер өткізуі туралы ақпарат

 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы    № 826 «Халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығына және бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы 17–21 қараша аралығында ауданда халықпен 40 кездесу өткізілді, оның ішінде:
         • 14 кездесу – аудан әкімінің қатысуымен;
         • 26 кездесу – қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен.

         Кездесулер өткізу кестелері «Еңбекшілдер жаршысы–Вести Енбекшильдерья» аудандық газетінде жарияланып, аудан әкімдігінің ресми парақшаларында орналастырылды, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджері арқылы таратылды.

         Іс-шараларға 818 адам қатысты.

         Кездесулер барысында 26 тұрғын сөз сөйлеп, барлығы 61 сұрақ қойылды. Экономикалық немесе саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.

         Аудан тұрғындарын толғандырған негізгі мәселелер: – жер қатынастары – 3; – жолдарды жөндеу және салу – 14; – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын жөндеу және салу – 6;             – сумен жабдықтау, электрлендіру, телефондандыру және интернет жүргізу – 16; – кәсіпкерлік – 0; – ауыл шаруашылығы және ветеринария – 0;– абаттандыру, санитарлық тазалық және экология – 8; – басқа мәселелер – 14.

         Кездесулер ұйымдасқан түрде өтті, облыс, аудан, қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің атына сын-ескертпелер айтылған жоқ.

 

 

Біржан сал ауданы әкімінің аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/news/details/1178445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді