А.Қаратайдың өтініші бойынша «QSR» (Burger King) ЖШС-де қатысты ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті А.Қаратайдың өтініші бойынша «QSR» (Burger King) ЖШС-де  жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жалақыдан ұстап қалуға қатысты бұзушылықтар анықталды, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау, еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды, оның ішінде мереке күндері жұмыс үшін ақы төлеуді сақтамау, ауысым кестелерін жұмыс беруші қызметкерлердің назарына жеткізбеді.

Сонымен қатар, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді мерзімді аттестаттаудан өткізу және арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталды.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, жұмыс берушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1179055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді