Абай облысының 3 балуаны Қазақстан чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9–10 наурыз күндері Тараз қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер (U15) арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысты. Байрақты бәсекеде Абай облысының құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының үш бірдей спортшысы өз салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Атап айтқанда, Нұралы Амангелді (44 келі), Ералы Мұратов (85 келі), ал Талғат Нұрмұхаммед (85 келіден жоғары) топ жарды.

Спортшылардың табысты өнер көрсетуінің нәтижесінде Абай облысының командасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1178726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді