Алматыда Қазақстандағы Еуропалық бизнес-қауымдастығының (EUROBAK) жыл сайынғы «Annual General Meeting» іс-шарасы өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығының (EUROBAK) жыл сайынғы «Annual General Meeting» іс-шарасына қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Өкілдік басшысы EUROBAK Қазақстан мен еуропалық бизнес қауымдастығы арасындағы диалог үшін маңызды платформа екендігін атап өтті. Сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттары, соның ішінде «жасыл» энергетика, цифрлық трансформация және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық әріптестікті кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру үшін жасалып жатқан мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1179079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді