АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев ардагер ұстаз, ауданның «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Төлешова Жамал Өтегенқызын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен арнайы құттықтады.
Аудан басшысы Жамал Өтегенқызының саналы ғұмырын білім саласына арнап, ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ оның еңбекқорлығы мен ұстаздық жолдағы өнегелі еңбегі кейінгі буынға үлгі екенін айтып, ел игілігі жолындағы қызметі үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында аудан басшысы ардагер ұстазға құрмет көрсетіп, алғысын айтып, сый-сияпатын табыстады.
Өз кезегінде Жамал Өтегенқызы көрсетілген құрмет пен ықылас үшін аудан басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Айта кетсек, Төлешова Жамал Өтегенқызы — саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз. Ол өз қызмет жолында ел игілігі мен жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, талай шәкірттің өмір жолына бағыт берген.
Еңбек жолын қарапайым маман ретінде бастап, жылдар бойы адал қызмет еткен Жамал апай Шардара ауданының дамуына да өз үлесін қосқан. Көп жылғы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін бірнеше мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болып, ауданның «Құрметті азаматы» атанған.
Әріптестері мен замандастары арасында Жамал апай сабырлылығымен, парасаттылығымен және ақыл-кеңесімен ерекшеленеді. Ол — тек білікті ұстаз ғана емес, сонымен қатар үлкен әулеттің ұйытқысы, ақ жаулықты ана.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1178188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді