Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында құқықтық кеңес беру шарасы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

І–ІІ топ мүгедектігі бар азаматтардың құқықтық және әлеуметтік мәселелерін талқылау мақсатында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекет тарапынан қарастырылған заңнамалық мүмкіндіктер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Мамандар азаматтардың құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және оларды қорғау тетіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты құқықтық кеңестер ұсынды.

Іс-шараға адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және тиісті департаменттің маманы қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, мамандардан қажетті кеңестер алды.

Мұндай кездесулер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпаратты кеңінен жеткізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1178958?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді