
Елордада кәсіпкер әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған форум-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласының прокуратурасы өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесудің мақсаты – құқықтық мәдениет пен қоғамдық құқықтық сананы қалыптастыру, құқықтық қорғану тетіктерін жүйелі түсінуді дамыту, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін түсіндіру, сондай-ақ әйелдердің құқық пен жауапкершілік тұрғысындағы дербес рөлін нығайту.
Форумға қатысушылар алдында қала прокуратурасы басқармасының басшысы Айжан Аймағанова сөз сөйледі.
Іс-шара барысында әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, отбасылық жанжалдар мен ажырасу процестеріне қатысты құқықтық қырлар сот тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып түсіндірілді.
Сондай-ақ сталкинг мәселесіне, оның құқықтық салдарына және жәбірленушілерді қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Форумға қатысушылар жеке өмірі мен кәсіби қызметінде кездесетін нақты жағдайларды талқылап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсыныстармен танысты.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1179071?lang=kk

Жауап қалдыру