2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесідей мәселелер енгізіледі:
Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы аудан әкімдігінің 2025 жылғы есебі жөнінде.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.
Басқа да мәселелер.
Мәслихат торағасы А. Әли
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/1178427?lang=kk

Жауап қалдыру