
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізілетін «Жасыл Өңір – Жасампаз Болашақ» экологиялық айлығы (2–31 наурыз) барысында 2026 жылғы 5 наурызда КММ «Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінде» Сергеевка қаласын көгалдандыру және абаттандыру бойынша аудандық жобалар мен макеттер байқауы өтті.
Іс-шара барысында Сергеевка қаласы мен аудан мектептерінің оқушылары экологиялық мәдениетті дамытуға, қалалық ортаны жақсартуға және жайлы жасыл қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған шығармашылық жобалар мен макеттерін ұсынды.
Оқушылар саябақтарды, скверлерді, мектеп және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға қатысты қызықты идеялар ұсынды. Ұсынылған жұмыстар жас ұрпақтың креативті көзқарасын, экологиялық ойлауын және туған қаласына деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.
Байқау оқушылардың бастамашылдығын танытуға, жобалық дағдыларын дамытуға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Қатысушылар жас ұрпақтың өз қаласының болашағына үлес қосуға және оның табиғи әрі мәдени мұрасына ұқыптылықпен қарауға дайын екенін дәлелдеді.
Барлық қатысушыларға жарқын идеялары, шығармашылықтары және қаламызды одан әрі көркейтуге деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1178786?lang=kk

Жауап қалдыру