Ауылдық округ әкімі жас батыр аналар, яғни алтын және күміс алқа иегері ардақты аналарымен жүздесіп, арнайы кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылдық округ әкімі жас батыр аналар, яғни алтын және күміс алқа иегері ардақты аналарымен жүздесіп, арнайы кездесу өткізді.

Көпбалалы ана атану үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін қасиетті жол. Сіздер сол жолды абыроймен атқарып, елге өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырсыздар. Әрбір перзент – еліміздің ертеңі, ал сол ертеңді тәрбиелеп отырған сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.
Осы кездесуде сіздерге құрмет көрсетіп, шағын сый-сияпат табыстау, біздің сіздерге деген алғысымыздың бір белгісі ғана. Ауылымызда осындай ақ жаулықты аналардың көп болуы үлкен ырыс. Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға амандық, балаларыңыздың қызығын көріп, немере-шөбере сүйіп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізді тілеймін. Әрдайым ауылымыздың ақылшы анасы болып, баталарыңызды беріп жүре беріңіздер! – деп тілегін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-amanjolov/press/news/details/1178745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді