Байсерке ауылдық округінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында белсенді азаматшалар марапатталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6 наурызда Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Байсерке ауылдық округінің әкімі М. Тогузбаев қатысып, жиналған қауымды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен ел дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Мерекелік жиын барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген кәсіпкерлер, ұстаздар, медицина қызметкерлері мен белсенді ауыл тұрғындары округ әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-bayserke/press/news/details/1178887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді