Балқаш ауданының еңбек ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 наурызында №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Оразалина, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының өкілінің қатысуымен Балқаш ауданының білім бөлімінде және аудандық орталық ауруханасының ұжымымен халықты әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі аясында зейнетақы мен жәрдемақыларға енгізілген өзгерістер мен арттырулар, балалы отбасыларды қолдау шаралары, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарының соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1178173?lang=kk