Целиноград ауданы прокуратурасының бастамасымен ауданның жалпы білім беру ұйымдарында «Закладки» атты профилактикалық фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға 5300 оқушы қамтылды.
Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу, жастардың есірткі құралдарының заңсыз айналымына теріс көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ олардың таралуына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1178285?lang=kk

Жауап қалдыру