«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» педагогикалық олимпиадасының қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 10-11 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Абай ұлттық мектебі» РММ базасында  «Дарынды балаларға – талантты ұстаз»  педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.

Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің  шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Қатысушыларға Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуда маңызды рөл атқаратын өздерінің бірегей идеясын TEDх форматында таратуға мүмкіндік берілді.

Павлодар облысынан еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 10 жас маман өз тәжірибелерін ұсынды.

КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

Темергалинов Қайыржан Серікболұлы, Ақсу қаласының №4 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі;

Құрымсын Мөлдір Аманжолқызы, Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

IІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

Жексембаева Меруерт Ерболатовна, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының математика  пәні мұғалімі;

Ахылбек Нұрсұлтан, Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Жұматай Фатиха Амангелдіқызы, Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің тәлімгері.

Мұхамеджан Зейнеп Хаджимуратқызы, Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру   физика пәні мұғалімі.

ГРАМОТАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ:

Жунусова Мадина Бауржановна, Аққулы ауданының «Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Сертификаттар табысталды:

Капезов Ернур Ардакович,  Баянауыл  ауданының   Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі; Құндызбек Руслан Сағидоллаұлы, Павлодар қаласының Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия- мектебінің география-тарих пәнінің мұғалімі; Халибекқызы Мақпал, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық  лицей-интернатының педагог-психологі.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1178678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді