
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ағымдағы жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында операторларға 2025 жылғы желтоқсанда мақұлданған дизель отынының көлемін 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін жөнелтуге өтінімдер қабылдау ашылғанын (АШТӨ үшін дизель отынының босату құны 281 теңге/литрден аспайтынын) Сіздің назарыңызға жеткізеді.
ЖЖМ көлемін алу үшін өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қысқа мерзімде “gosagro.kz” сайтында Операторды таңдау қажет.
Операторлар тізімдері бойынша толық ақпарат “gosagro.kz” сайтында жарияланған.
Сондай-ақ, Қағидалардың 17-тармағына сәйкес бөлінген дизель отынының көлемі АШТӨ-ден Операторға өтінім болмаған жағдайда күнтізбелік отыз күн ішінде жойылатынын хабарлаймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1178777?lang=kk

Жауап қалдыру