
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, осы Кодекстің 468 жəне 522-баптарына сəйкес халықаралық болып табылатын тасымалдарға байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:
-тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу);
-ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарына ауыстыру;
-Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттік жүктерді экспедициялау;
-вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері;
-əуеайлақтық жəне жерде қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтері;
-халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері;
-пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтері;
-тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1178472?lang=kk

Жауап қалдыру