Кентауда ПБ бастығы 150-ден астам оқушыға профилактикалық әңгіме өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы Д. Қонаев атындағы №10 мектепте оқушылармен кездесу өткізді. Шараға мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің мүшелері мен 150-ден астам оқушы қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, қоғамда кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдерінің құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері қаралды.

Профилактикалық әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, ата-аналар мен заңды өкілдердің балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу мен бақылаудағы рөлі, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың салдары жайлы ақпарат берілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық бұзушылықтан аулақ болудың маңыздылығын терең түсінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1179067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді