КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы Уәлихан Ұзақовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, мәслихат депутаттары, тиісті бөлім басшылары мен жауапты сала мамандары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/173-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жоспарланған жобалар мен бағдарламаларды уақтылы іске асыруға байланысты өзектілігімен ерекшеленеді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасап, аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Баяндамашы өз сөзінде бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, әлеуметтік салаға бағытталған шығыстарды арттыру, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға байланысты жоспарланған жұмыстарға тоқталды.
Баяндамадан кейін мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер білдірілді. Депутаттар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты мәселелерді көтеріп, тиісті сала басшыларынан нақты жауаптар алды.
Сессия барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, бюджетке енгізілетін өзгерістердің ауданның дамуына оң әсер ететіні атап өтілді. Талқылау қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.
Жиын соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қабылданған шешімдердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын атап өтіп, депутаттық корпусқа сапалы жұмысы үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1178302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді