
2026 жылғы 11 наурыз күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында №1 Мырзакент мектеп-гимназиясында қазақтың батыр ұлы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде мектепішілік оқырмандар сайысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты, жауапкершілікті және адалдық қасиеттерін қалыптастыру. Бұл іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Бағдарлама негізінде мектеп жасынан бастап балалардың бойында азаматтық-құқықтық білімді қалыптастыру, құқықтық жүйе мен адам құқықтарының маңызын түсіндіру, сондай-ақ «Әділеттілік пен жауапкершілік», «Заң мен тәртіп» ұғымдарын терең меңгерту көзделген.
Сайысқа 5–11 сынып оқушылары қатысып, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын толық оқып, өз білімдерін тест форматында сынады. Жалпы 93 оқушы қатысып, 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Нәтижесінде жеңімпаздар әділқазылар алқасының шешімімен анықталды.
Байқаудың бас жүлдесі – смарт теледидар болды. Сонымен қатар жүлделі орын иелеріне бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның құрметті қонақтары:
— Отырар және Мақтаарал аудандарының Құрметті азаматы Мұсаев Құнанбай Әбибұллаұлы
— «Ой қамшы» әдеби-тарихи білім жобасының басшысы Нұрымбетов Бақытқали
— Мақтаарал ауданы білім бөлімінің бас маманы Пулатова Бибінұр
— Ардагер ұстаз Саттаров Жақсылық
Әділқазылар алқасы:
— Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының орынбасары Зулпыхарова Жанат
— Тілдерді оқыту және дамыту орталығының әдіскері Бектұрғанова Жайна
Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.
Кітап – білім бұлағы, рухани қазына!
Жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасы артып, білімге деген құштарлығы арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1179065?lang=kk

Жауап қалдыру