Коалиция өкілдері «Тәп-Тәтті» ұжымымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Тәп-Тәтті» ЖШС ұжымымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесуге Астана қалалық мәслихатының депутаттары Бауыржан Смаилов, Алтыншаш Табулдина және өзге де спикерлер қатысты.

«Тәп-Тәтті» ЖШС – кондитерлік өнімдер өндіру және өткізу саласында жұмыс істейтін, халыққа сапалы тәтті тағамдар ұсынумен қатар, еңбек адамының күнделікті кәсібі мен тұрақты жұмысына үлес қосып отырған кәсіпорындардың бірі. Сондықтан ұжыммен өткен ашық әңгімеде еңбек құқығы, әлеуметтік кепілдіктер, денсаулық сақтау және азаматтардың құқықтық қорғалуы мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында Конституция жобасының қоғам өміріне тікелей әсер ететін артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Спикерлер негізгі заңдағы өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, еңбек адамының мүддесін нақтырақ бекітуге, сондай-ақ әлеуметтік саланың сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Еңбек құқықтарының нақты әрі түсінікті бекітілуі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жауапкершілікті күшейтіп, қоғамдағы әлеуметтік әділет қағидатын нығайтады. Конституция жобасы адам капиталына, тұрақты еңбекке және әлеуметтік қорғанысқа басымдық беретін маңызды құжат.

Кездесу соңында ұжым өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай диалог алаңдары Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіруге ғана емес, тұрғындардың ұсынысы мен пікірін ескеруге де мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1179052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді