
Ағымдағы жылдың 10–13 наурыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында республикалық деңгейде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара аясында Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, полиция есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тексеруде. Сонымен қатар «қолайсыз отбасы» санатына жататын отбасылардың тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, азаматтық қару иелері де тексеріліп, қаруды сақтау және пайдалану талаптарының сақталуы бақылауға алынды. Полиция қызметкерлері қару иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнаманың талаптарын еске салуда.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында қоғамдық орындарда патрульдік қызмет күшейтіліп, көшелер мен тұрғын үй аулаларында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын бұзбауға және күмәнді жағдайлар немесе құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда полиция органдарына дереу хабарлауға шақырады.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1179031?lang=kk

Жауап қалдыру