Қапал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 наурыз күні  аудан әкімі Берік Тынышбайұлы Қапал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан прокуроры Дастан Несіпбайұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Ерлан Жұмаділұлы, сондай-ақ аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында Қапал ауылдық округінің әкімі Жалғас Жарасұлы 2025 жылы округте атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында аудан әкімі Берік Тынышбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.

Атап өту керек өткен жылы мәдениет үйі мен “Бөбек” балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішінде 2 шақырым арық жүйесі салынды.

Жиын соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, кейбірі бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1178377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді