
2026 жылғы 11 наурызда Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында Денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды филиалының өкілдері, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Спикерлер ретінде ҚР ДСМ МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Смирнова Ольга Викторовна, МФБК ТСК комиссияларын қарау жөніндегі жауапты маман Ертісбаева Раушан Мұхтарқызы, Денсаулық сақтау басқармасының стационарлық медициналық көмек бөлімінің басшысы Бүгімбаева Айгүл Қапарқызы, Амбулаториялық-емханалық көмек бөлімінің басшысы Байкенова Дана Ерболатқызы, сондай-ақ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды филиалының медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу бөлімінің басшысы Елшина Тоғжан Даниярқызы сөз сөйледі.
Кеңестің бірінші бөлімі барысында тәуелсіз сараптама комиссиясының қызметі мен медициналық көмек сапасы мәселелері бойынша өтініштерді қарау тәртібіне қатысты сұрақтар қарастырылды. Қатысушылар амбулаториялық-емханалық қызмет пен стационарлар деңгейінде медициналық көмек көрсету кезінде туындайтын түйткілді мәселелерді талқылады.
Іс-шараның екінші бөлімінде медицина қызметкерлерінің пациенттермен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тренинг өткізілді. Тренинг аясында пациенттермен өзара іс-қимыл жасаудың практикалық аспектілері, медициналық ұйымдардағы жанжалды жағдайлардың туындау себептері, сондай-ақ олардың алдын алу және реттеу тәсілдері қарастырылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға, медициналық ұйымдар мен пациенттер арасындағы сындарлы іс-қимылды дамытуға, сонымен қатар халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1178925?lang=kk

Жауап қалдыру