
Қазығұрт ауданында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен республикалық референдумға дайындық жұмыстары және білім саласындағы өзекті мәселелерге арналған арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан прокуроры Руслан Абдраимов, аудандық полиция бөлімі басшысы Алмас Серікбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен салаға жауапты мекеме басшылары қатысты.
Мәжілісінің күн тәртібінде 2 (екі) мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рамазан Бобетов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай баяндама жасап, референдумды ұйымдастыру барысындағы дайындық жұмыстарын таныстырды.
Ал екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрлыбек Нарбаев және аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Омартай баяндама жасап, білім сапасын арттыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы республикалық референдумның заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қатысты жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – баршаға ортақ жауапкершілік екенін ескертіп, берілген тапсырмаларды хаттамаға енгізіп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1178982?lang=kk

Жауап қалдыру