
Еліміздегі маңызды саяси науқан – алдағы референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы орайда «Есіктен есікке» акциясы қаламыздағы елді мекендерде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында үгіт тобы тұрғындармен жеке кездесіп, Конституцияның жаңартылған жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын түсіндірді. Сонымен қатар дауыс беру тәртібі, өтетін күні мен уақыты жөнінде нақты ақпарат беріліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Акцияның басты мақсаты – референдумның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, әр азаматтың өз таңдауын жасауына мүмкіндік беру және белсенді азаматтық ұстанымды нығайту. Тікелей жүздесу форматы халықпен ашық пікір алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
#референдум2026 #ЖаңаКонституцияҮшін #ЗАновуюКонституцию #АтаЗаң

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178765?lang=kk

Жауап қалдыру