
Бүгін басқарма басшысы Сайлауғалы Байназаров ұжыммен кездесу өткізіп, 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында конституциялық жобаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, қызметкерлер алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырылды.
– Жобада тағы бір маңызды өзгеріс қарастырылған. Онда коммерциялық емес ұйымдарға (НПО) қатысты жаңа талаптар енгізілген. Қазіргі таңда кейбір коммерциялық емес ұйымдардың түрлі әлеуметтік және саяси үдерістерге ықпал ету құралы ретінде пайдаланылып жатқаны туралы пікірлер айтылып жүр. Осыған байланысты жоба аясында шетел мемлекеттерінен, халықаралық ұйымдардан, шетелдік заңды тұлғалардан немесе азаматтардан алынатын қаржы мен активтер туралы ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуы тиіс деген талап енгізілген. Бұл норма конституциялық жобаға енгізіліп отыр, – деді Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров.
Кездесу соңында ұжым мүшелері референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, оған белсенді қатысу қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-inspection/press/news/details/1178878?lang=kk

Жауап қалдыру