ШҚО ТЖД ескертеді: көктемгі мұз өте қауіпті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемде мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады. Себебі күннің жылынуы мен температураның көтерілуі әсерінен мұз кез келген сәтте опырылып кетуі мүмкін. Әсіресе су ағатын жерлердегі, ағаштар мен қамыстардың маңындағы мұз, соның ішінде күңгірт, сары немесе сұр түсті мұз аса қауіпті. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ескертеді.

– Жылымық мұздың беріктігін әлсіретеді. Кез келген уақытта мұз ойылып кетуі мүмкін. Бұл үдеріс ең алдымен жағалау маңында жылдам жүреді, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

ШҚО ТЖД өкілдері көктемгі мұз жүру кезеңінде өзеннен өтуге, мұз кептелісі болған жерлерде өзенге жақындауға, су тасуы немесе опырылу қаупі бар жерлерде тұруға болмайтынын ескертеді. Сондай-ақ мұз кептелістеріне жақындауға, жағалаудағы мұз кесектерін итеруге, мұздың үстімен жүруге немесе сырғанап ойнауға қатаң тыйым салынады.

Құтқарушылар ата-аналарға балалармен қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұз жүру кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруді ұсынады. Балаларға көктемде су айдындары ойын ойнайтын орын емес екенін ескерту қажет.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1178913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді