
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдар көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Сағат шамамен 16:00-де Мамлютка аудан орталығы маңында жолдың жабылуын бақылап тұрған полицейлерге «Lada Granta» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жүгінді. Ол жұбайын шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткізуі қажет екенін айтты. Тәртіп сақшылары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге жас отбасын жарқылдақ маяктарды қосып, Петропавл қаласына дейін алып жүрді.
Жолда ерекше сақтықпен жүруге тура келді: тіпті бос жолдың өзінде полицейлер сағатына 60 шақырымнан асырмай қозғалды. Дауылды жел мен нөлдік көрінуге қарамастан, сапар сәтті аяқталып, жүкті әйел медициналық мекемеге дер кезінде жеткізілді. Оның жұбайы көрсетілген көмек үшін полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға шын жүректен алғыс білдірді.
Экстремалды ауа райы жағдайына байланысты полицейлер жолдардағы тәртіпті күшейтілген режимде бақылауда ұстап отыр. Облыстағы жол жағдайы бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1179027?lang=kk

Жауап қалдыру