СҚО-да жүздеген көлік қолайсыз ауа райының басылуын күтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдар көліктің барлық түрі үшін жабылды. Себебі — жоғарыдан соққан қар, төменгі боран, екпінді жел және көрінудің нөлге дейін төмендеуі. Полицейлер жүргізушілерге елді мекендерден шықпауды қатаң түрде ескертеді.

Қазіргі уақытта тек Петропавл қаласының маңында екі жүзге жуық автокөлік жиналған. Олардың басым бөлігі Астана және Жезқазған бағыттарында. Полицейлер көліктерді тоқтатып, қолайсыз ауа райы басылғанша жолға шықпау қажеттігін түсіндіруде. Дауылды жел, боран және төмен температура адамдардың өміріне аса қауіпті жағдай туғызады.

Тәртіп сақшылары жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып, қар құрсауында қалған көліктерді шығаруға көмектесуде. Облыстағы жол жағдайы бақылауда. Қазіргі мәлімет бойынша, қозғалыс 12 наурыз таңынан ерте ашылмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1179021?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді