
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған арнайы медициналық сөмке таныстырылды. Іс-шара барысында мамандар сөмкенің құрамындағы медициналық құрал-жабдықтардың қызметі мен оларды қолдану тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар қызметкерлерге түрлі жарақат алған немесе денсаулығы күрт нашарлаған адамдарға алғашқы көмек көрсету тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсету әдістері көрсетіліп, тәжірибелік кеңестер берілді. Мұндай шаралар қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі дайындық деңгейін арттыруға және зардап шеккендерге уақтылы әрі тиімді көмек көрсетуге бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1178848?lang=kk

Жауап қалдыру