Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою, сақтау және өткізу орындарын анықтау, сондай-ақ сою пункттері мен кезбе малды ұстау орындарын тексеру және жануарларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара барысында Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жұмыстары нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 6 дерегін анықтады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған бойынша 27 тұрғынға тиісті шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта аталған бағытта профилактикалық және тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1179075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді