
Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Бағдарламасын түсіндіру бойынша қорытынды онлайн-кеңес өткізді. Талқылауға “Атамекен” ҰКП, “Бәйтерек “ҰБХ” АҚ барлық облыстық филиалдары, бизнес және әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылдың 27 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында еліміздің барлық өңірлері кездесулермен қамтылды. Кеңестерге 500-ден астам адам қатысты.
19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті кеңейтуге және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге арналған. Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Азамат Амрин ұсынылған шаралар орта мерзімді перспективада тұрақты экономикалық даму үшін берік іргетас қалыптастыратынын атап өтті.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы болып “Бәйтерек”Ұлттық инвестициялық холдингі айқындалды. Ол кәсіпкерлікті, экспорттық жобаларды, АӨК және Қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын және т.б. қолдауды қамтамасыз етеді. Екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп холдинг ірі инвестициялық жобалар үшін де, экономикалық өсудің жаңа нүктелері үшін де нақты секторға ұзақ мерзімді кредит берудің негізгі көзіне айналады. 2026 жылы Холдинг жобаларының портфелі мыналарды қамтиды: 42% – химия және мұнай – газ химия өнеркәсібі, 19,6% – Көлік және логистика, 12,1% – Энергетика, 7,1% – ТМК, 6,4% – АӨК және тамақ өнеркәсібі.
Қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін Үкімет 2026 жылы Холдингке капиталдандыру үшін 1 трлн теңгеге дейін бөлуді жалғастырады. 2027-2028 жылдары қосымша қолдау мәселесі ағымдағы экономикалық жағдай мен нақты сектордың қажеттіліктеріне сүйене отырып қаралатын болады.
“Инвестицияларға Тапсырыс” бағдарламасы шеңберінде холдинг өңірлік бақылаудағы жобаларды талдау үшін әкімдіктермен жұмыс кездесулерін өткізеді. Орталық мемлекеттік органдар да өз ұсыныстарын қалыптастыруда. Барлық бастамалар жүйелі сүйемелдеу үшін ұлттық цифрлық платформаға енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-almasay/press/news/details/1178682?lang=kk

Жауап қалдыру