«Ұлттық тарих күні» республикалық білім беру жобасы басталады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 «Ұлттық тарих күні» республикалық білім беру жобасы басталады!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Qazaq Foundation» жеке қорымен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептердің 7–11-сынып оқушыларына арналған «Ұлттық тарих күні» білім беру жобасын іске асыруда.

🔎 Жобаның мақсаты — жас ұрпақтың ел тарихына қызығушылығын арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және зерттеушілік дағдыларын дамыту.

Байқау барысында қатысушылар:
✔️ тарихи ойлау қабілетін дамытады;
✔️ дереккөздермен жұмыс істеуді үйренеді;
✔️ ұлттық құндылықтарды терең меңгереді.

📌 Тіркеу: 2026 жылғы 1 наурызға дейін
🌐 www.ulttyqtarihkuni.kz сайтында

📅 Байқау кезеңдері:
▪️ І кезең (өңірлік) — 2026 жылғы наурыз–сәуір айлары
▪️ ІІ кезең (республикалық) — 2026 жылғы маусым, Астана қаласы

✈️ Республикалық кезеңге өткен қатысушылар мен олардың жетекшілерінің жол жүру, жатын және тамақтану шығындары «Qazaq Foundation» жеке қоры есебінен төленеді.

🏆 Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал І орын иегерлері жетекшілерімен бірге Стамбул қаласына тарихи-танымдық саяхатқа жолдама алады.

#РУМЦДО #ҰлттықТарихКүні #Білім #ҚазақстанТарихы #ОқушыларБайқауы #ҚосымшаБілім

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1178740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді