Жамбыл облысында полиция қолайсыз ауа райына байланысты көліктерді ілестіріп алып жүруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында полиция қолайсыз ауа райына байланысты көліктерді ілестіріп алып жүруде

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар жауу, көрінудің нашарлауы) республикалық «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолының Алматы облысы шекарасынан ескі Қордай асуына дейінгі аралықта, сондай-ақ Кенен ауылы мен Қайнар ауылы аралығы, жаңа Кордай асуы маңында жүк көліктері үшін уақытша жол жабылды.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолының Жамбыл облысы Айша бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейінгі аралығында барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

Полиция қызметкерлері тәулік бойы жолдарда қызмет атқарып, жол қозғалысын реттеп, жүргізушілерді енгізілген шектеулер туралы хабарлауда. Сондай-ақ, автокөлік колонналарын сүйемелдеп, жолдағы азаматтарға қажетті көмекті көрсетуде.

Осыған байланысты аталған аумақтарға сапарға шықпай, бағытты алдын ала жоспарлауды ескертеміз.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға аса сақ болуды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды және жол ережелерін қатаң назарға алуды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1178693?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді