Жақаштық тұрғындар жаңа Конституцияны қолдайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Жақаш ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ел дамуы мен қоғамдағы маңызды саяси өзгерістер жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. Коалиция мүшелері референдумның маңызы туралы айтып, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы қажеттігін жеткізді.

Ауыл тұрғындары да өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық форматта өткен кездесуде өзара пікір алмасу орын алып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Мұндай кездесулер халық пен қоғам арасындағы диалогты нығайтып, азаматтардың елдегі маңызды шешімдерге қатысуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1178814?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді