Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы наурыз айынан бастап Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі келушілер үшін жаңа жұмыс кестесін енгізді. Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дүйсенбі – санитарлық күн.

Жаңартылған жұмыс кестесі қала тұрғындары мен қонақтарына музейге кешкі уақытта және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта келуге мүмкіндік береді.

Музей 1981 жылы құрылған. Музей қорында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетін танытатын бірегей жәдігерлер сақталған.

Қазіргі уақытта музейде 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Экспозицияда желбуаз, адырна, тұяқтас сияқты сирек кездесетін қазақ музыкалық аспаптары, сондай-ақ кең таралған домбыра, қобыз, сыбызғы көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1179554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді