Ақтау қаласында заңсыз орнатылған күш өлшегіш құрылғылар алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласының аумағында рұқсатсыз сауда нүктелерін анықтау және заңсыз орнатылған құрылғыларды жою бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл шаралар қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәсіпкерлік қызметтің заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз ету және тұрғындар қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Жүргізілген кезекті тексеріс барысында қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін және рұқсатсыз орнатылған 4 күш өлшегіш (силомер) құрылғы анықталды. Аталған құрылғылар тиісті рұқсат құжаттарынсыз орналастырылғандықтан, заңсыз нысандар ретінде тәркіленіп, айыппұл тұрағына жеткізілді.

Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу және қала аумағында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік қызметті тек белгіленген тәртіппен, тиісті рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асыру қажеттігі ескертіледі.

Сонымен қатар, рұқсатсыз сауда жүргізу немесе заңсыз құрылғылар орнату фактілері анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны еске салынады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1179745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді