Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған III республикалық форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған III республикалық форум өтті

  Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған III республикалық форум өтті. Форумға Семей қаласынан қалалық мәслихаттың төрағасы Еркен Сағандықов,   мәслихат депутаттары – Дариға Абайқызы, Асхат Бәкіров,  Асқар Абдуллин қатысты.

Мемлекет басшысы мәслихаттардың ел өміріндегі орнына айрықша тоқталып, депутаттардың халықпен тығыз жұмыс істейтінін,  жұрттың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін жақсы білетінін атап өтті. Сондай-ақ өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін айтты.

Президент мәслихаттардың алдында тұрған міндеттердің маңызына назар аударды. Әсіресе, жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау, қаржының әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын бақылау, өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру және халықпен ашық әрі түсінікті жұмыс жүргізу мәселелері атап өтілді.

 Жиында алдағы референдум мен жаңа Конституция жобасының маңызы да кеңінен айтылды. Мемлекет басшысы жаңа Ата заңда Тәуелсіздік,  Егемендік және Аумақтық тұтастықты қорғау басты қағидаттар ретінде бекітілгенін, сондай-ақ ұлттық валютаның мәртебесі айқындалғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Конституция жобасы – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, ғылым мен технологияны дамыту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу секілді негізгі бағыттар қамтылған.

Форум барысында Мәжіліс депутаттары мен өңірлік мәслихат өкілдері сөз сөйлеп, жергілікті басқару жүйесін дамытуға қатысты пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1179779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді