Спортпен шұғылдану — жай ғана әуестік емес. Ол адамның ішкі күшінің, өзіне деген сенімінің, тәртіптілігі мен кемелдікке ұмтылысының көрінісі. Бұл қасиеттер жауапты қызметті белсенді спорттық өмірмен қатар алып жүрген әйелдердің бойынан ерекше айқын байқалады.
Жетісу облысы Полиция департаментінде спортты өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған қызметкер әйелдер аз емес. Қызметтің тығыз кестесіне, тәуліктік кезекшіліктерге және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жоғары жауапкершілікке қарамастан, олар жаттығуға уақыт тауып, тамаша дене дайындығын сақтап келеді. Олардың даму жолындағы талпынысы мен рухының мықтылығы шынайы құрметке лайық.
Полиция қатарындағы нәзік жандылардың арасында әртүрлі спорт түрлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүргендері де көп. Волейбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, қоян-қолтық ұрыс сияқты спорт түрлерінде қызметкер қыз-келіншектер төзімділік пен шеберліктің, нағыз спорттық мінездің үлгісін көрсетіп жүр. Жарыстарда жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленуі Жетісу облысы Полиция департаменті үшін ерекше мақтанышқа айналып отыр.
Спорт тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, табандылық, сабырлылық және өз күшіне сенімділік сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастырады. Бұл қасиеттер полиция қызметінде айрықша маңызды. Сондықтан көптеген әйел-полицейлер үшін жаттығу — жай ғана хобби емес, кәсіби дайындықтың бір бөлігі.
«Полиция қызметі тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықты талап етеді. Спорт мінезді шыңдайды, қиындықтарды еңсеруге және ешқашан берілмеуге үйретеді. Біздің қызметкер қыз-келіншектеріміз күн сайын бір мезетте мықты, батыл әрі нәзік бола алатынын дәлелдеп келеді», — деп атап өтті Полиция департаментінде.
Бүгінде погон таққан әйелдер жас ұрпақ үшін нағыз үлгі болып отыр. Әсіресе қыз балалар үшін олар мақсатқа ұмтылудың, күш пен сенімділіктің символына айналған. Олар өз үлгілері арқылы нәзіктік пен батылдықтың бір адамның бойында үйлесім таба алатынын, ал табандылық пен еңбек әрдайым жеңіске жеткізетінін дәлелдеп келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1179827?lang=kk

Жауап қалдыру