Медициналық ұйымдардағы желдету және микроклиматқа қойылатын санитариялық талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық ұйымдарда нормативтік микроклиматты және тиімді желдетуді қамтамасыз ету – ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтаудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

 

Медициналық ұйымдардағы желдету және микроклиматқа қойылатын талаптар:

 

– 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен (ауа алмасу, желдету жүйелері және ауа ортасының параметрлеріне қойылатын талаптарды белгілейді);

– 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-95 бұйрығымен бекітілген «Желдету және ауа баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен (желдету және ауа баптау жүйелерін дезинфекциялау тәртібі мен міндетті шараларын айқындайды) реттеледі.

 

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қағидалары медициналық ұйымдарда желдету жүйелерін ұйымдастыруға, пайдалануға және дезинфекциялауға, сондай-ақ микроклиматты сақтауға қатысты міндетті талаптарды қамтиды. Бұл талаптар пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға және ауа ортасының оңтайлы жағдайларын сақтауға бағытталған.

 

Медициналық ұйымдарда желдету және микроклиматқа қойылатын санитариялық талаптардың бұзылуы пациенттердің хал-жағдайының нашарлауына, персоналдың еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және инфекциялардың таралу қаупінің артуына әкеледі.

 

Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау, желдету жүйелерінің жұмыс сапасын тұрақты тексеру және ауа параметрлерін жүйелі бақылау медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1179728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді